«Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жәрдем көрсетті

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ –Мамырдың 29-ы күні «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметов шаңырақтықтарға көмек көрсету штабында болып, тасқын судан зардап шеккен тұрғындардың өмір сүру және тамақтану жағдайларымен танысты, қажетті ақыл-кеңестер берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат бірлестіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Шаңырақ» РҚБ сел залалын көрген тұрғындарға төсек-орын, орамал, сабын, кір жуатын ұнтақ, ыдыс-аяқ секілді қажетті заттар тапсырды, олардың жалпы мөлшері 100 мың теңгені құрап отыр. А. Қожахметов «Шаңырақ-2» шағынауданының тұрғындарымен жүздесіп, осы ауылдағы түйткілді мәселелерді талқыға салды. Ол Алматының Алатау ауданындағы жер телімдерін заңдастыру бойынша «Шаңырақ» РҚБ-нің іс-қимылдарын түсіндірді.Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты «Шаңырақ-1» және «Шаңырақ-2» шағынаудандарында селге айналған жаңбырдан 150 тұрғын үй су астында қалған болатын. Осыған орай «Шаңырақ» РҚБ көмек көрсету штабын құрып, оларға қол ұшын беру мақсатымен асар жариялаған еді.
Соңғы жаңалықтар