«Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

Аталған салтанатты кешке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, этномәдени орталықтардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға 70-тен астам мақала келiп түстi. Олардың iшiнде Татьяна Жангильдина, Ернұр Нұрғалиев, Гүлмира Жандыбаева, Малика Ғалиева, Нұрбек Әмиша жасаған материалдар түрлi аталымдар бойынша үздiк деп танылды.
«Биылғы байқау былтырғы байқаудан өзгерек болды. Бұл шара Елбасының жариялауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына дайындық ретiнде жасалды. Додаға қатысқан журналистердiң саны да, сапасы да артқан. Келесi жылы бұдан да жоғары болады деген сенiмiмiз мол», - дедi Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi журналистика және саясаттану факультетiнiң деканы, қазылар алқасының мүшесi Қайрат Сақ.
Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталып, кеш Қазақстан этномәдени орталықтары өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласты.