«Шапағат-2013» өнертапқыштар байқауының жеңімпаздары марапатталады

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 23 мамырда Астанада VІ Астана экономикалық форумы шеңберінде «ШАПАҒАТ-2013» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі.

«Шапағат-2013» өнертапқыштар байқауының жеңімпаздары марапатталады

Аталған іс-шараның қатысушылары 2012 жылы берілген және жарияланған өнертабыстарға қолданыстағы инновациялық патенттері бар, ұлттық патент иеленушілері болып табылды. Бұл туралы Әділет министрлігі

Зияткерлік меншік құқығы комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Байқаудың мақсаты еліміздегі зияткерлік меншіктің рөлін арттыру, өнертапқыштық қызметті жандандыру, инновацияны дамытуды ынталандыру болып табылады. Өнертапқыштық және инновациялық салаға инвестиция тарту және өндірістік секторға перспективалы ұсынымдарды енгізу көзделеді.

Бұдан басқа, өнертапқыштарды көтермелеу және Қазақстан Республикасында өнертапқыштық қызметті белсендіру мақсатында «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнертапқышы» конкурсы өткізілген болатын. Соған орай құрметті атақты иемдену туралы дипломдар мен ескерткіш ленталар берілетіні күтіледі.

Марапаттау салтанатының шеңберінде өндіріске енгізілген, қызықты және перспективалы өнертабыстардың көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті басшылығының қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізіледі. Марапаттау рәсімі Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен салтанатты түрде өткізіледі.