Шарапова Токиодағы турнирде жартылай финалға шықты
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Ресейлік Мария Шарапова Токиодағы турнирде жартылай финалға шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Бейсенбі күні Шарапова чехиялық Ивета Бенешованы - 6:4, 7:5 есебімен ұтты.