Шардара ауруханасы компьютерлік томография аппаратымен жабдықталды

ШАРДАРА.ҚазАқпарат – Түркістан облысы Шардара аудандық орталық ауруханасының инсульт бөлімшесі компьютерлік томография аппаратымен жабдықталды. Заманауи үлгідегі қондырғы орнатылған кабинетті облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев арнайы барып ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аудан халқына енді заманауи сәулелі зерттеуден өту үшін бұрынғыдай алыс жолға шығудың қажеті болмайды. Өйткені Жапонияда шығарылған жоғары сапалы компьютерлік томография жүйелері нақты және сапалы медициналық тексеруден өткізеді.

Ауруханада дәрігерлер біліктілігін үздіксіз көтерудің арқасында инсульт бөлімшесі ашылып, Қазақстанда және шетелде білімін жетілдірген мамандармен толық қамтылды. Емдеу мекемесінің орта буын медицина қызметкерлері де Түркістан жоғары медицина колледжінде білімін шыңдаған. Бүгінде оңтайлы өзгерістері көп ауруханада бұдан бөлек оңалту орталығы жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, механика-терапиялық аппараттармен, емдік дене шынықтыру, массаждың дәстүрлі және инновациялық технологиялары бойынша түрлі жаттықтыру құралдарымен жабдықталған.

Осындай жүйелі жұмыстың арқасында орталыққа келіп, емделушілер саны күн санап артуда.

Соңғы жаңалықтар