Шардарада балықшы суға батып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында 31 жастағы балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Шардарада балықшы суға батып кетті

Облыстық ТЖД мәліметінше қайғылы оқиға 2 наурыз күні болған.

«Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне 2 наурыз күні 23.40-та хабар келіп түскен. Онда 1 наурыз күні шамамен сағат  22.00-23.00-де Шардара су қоймасында балық ұстап жүрген 1986 жылы туған тұрғын батып кеткені көрсетілген. Алдын ала болжам бойынша ол досымен бірге түнделетіп қайықпен балық аулауға шыққан. Осы кезде қатты жел тұрып, қайық аударылып кеткен» делінген хабарламада.
null

Сол маңда болған өзге балықшылар оларды құтқармақ болып, біреуін аман алып қалыпты. Ал, екінші балықшыны таба алмаған. Қарыс атты аралға жақын елді мекен тұрғындары суға батқандардың қайығын да тауып алыпты. 

Келесі күні таңғы 8.45-те оқиға орнына «Шардара» бекетінің 7 құтқарушысы қайықпен және 2 техникамен жеткен. Олардың қатарына тағы 3 ішкі істер қызметкері қосылыпты. Сондай-ақ, суға кеткен балықшының туыстары (85 адамнан құралған топ) шараларын жүргізген. Іздеу шараларының нәтижесінде балықшының мәйіті кешкі сағат 19.00-дер шамасында табылды. 
null