Шардарада гір көтеру спортынан ел чемпионаты басталды

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Шардара ауданында гір спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шардарада гір көтеру спортынан ел чемпионаты басталды

Біріншілікке жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай шағалалы Шардарада спорттың әлемдік деңгейде дамып жатқанын айтып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Бәсекеде еліміздің 14 өңірінен 300-ден аса гір тасын көтеруші спортшы бақ сынайды.