Шардарада қойшы өзіне сеніп тапсырылған 360 бас қойды сатып жіберген

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Шардара ауданында жергілікті қойшы өзіне сеніп тапсырылған 360 бас қойды сатып жіберген. Нәтижесінде мал иесіне 16 млн теңгедей шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол өзінің жалдап отырған қойшысының сеніп тапсырылған мүлкін жұмсап жүргендігі туралы хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер қойшы болып жүрген тұрғынды қолға түсірді.

Тергеу кезінде жәбірленушінің аталмыш қойшыға 360 бас қойын бағып көбейту мақсатында сеніп тапсырғаны анықталды. Алайда, үш жыл ішінде күдікті қойлардың барлығын сатып жіберген болып шықты. Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 16 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда осы жәйтке қатысты бөтеннің мүлкін иемдену мен талан-таражға салу жайты бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар