Шардарада суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Шардарада құтқарушылар суға батқан жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардарада суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 жастағы бала түскі уақытта Сырдария өзенінде шомылған. Шардара пост жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жабдықталмаған орындардың бірінен баланың суға батып бара жатқанын байқап қалады.

«Құтқарушылар тез арада судан баланы алып шығып, жағаға жеткізген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне алып барған. Жасөспірімнің айтуынша, ол жағалау сызығынан шамамен 15 метр қашықтықта жүзіп, қорқыныш пайда болған. Сол жерде суға бата бастаған. Келеңсіз оқиғаның орын алуына жабдықталмаған жерде шомылу болып табылған» делінген хабарламада.