Шардарада жасөспірім суға кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 13 жастағы жасөспірім Шардарада суға кетті, деп хабарлады ОҚО ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишненин.
Қайғылы жағдай Шардара су қоймасында орын алды. 13 жастағы Нұрасыл Дауылбай суға түспекші боп жағалауға кетеді де қайтып оралмайды. Құтқарушыларға болған оқиға жайлы 12.52-де хабарлады, олар сол сәтте-ақ жасөспірімді іздеуге кірісті. Оның денесі 4 метр тереңнен табылды.
Құтқарушылар биыл 71 адамның суға кеткенін, оның 43-і балалар екенін хабарлауда.