Шардаралық 9 спортшы әлем чемпионы атанды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -  Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшылары Түркияда  өткен армрестлингтен 40-шы әлем чемпионатына қатысып қайтты. «ШАРДАРА  АРМСПОРТ» клубының қол күресшілері әлемдік додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында сайысқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардаралық 9 спортшы әлем чемпионы атанды

Анталия қаласында жасөспірімдер,жастар,ересектер және ардагер спортшылар арасындағы жарыстар жоғары деңгейде өтті. Әлемнің  50  мемлекетінің спортшылары  жиналған дода 8 күнге жалғасты. Онда   шардаралық қол күресшілер ел қоржынына  9 алтын, 4  күміс, 3 қола медаль салды. Жесімпаздардың қатарында:

1 орын - 50 кг-Жүсіп Дархан (жасөспірімдер арасында )

55 кг-Қадыр Нұрхан (жасөспірімдер арасында)

60 кг-Сарыбай Ердәулет (жасөспірімдер арасында)

80 кг-Қаржау Есболат (жасөспірімдер арасында)

65  кг-(қыздар)-Камал Ұлбала (жасөспірімдер арасында)

 60 кг-Өсербай Қыдыр (жастар арасында)

60 кг - (қыздар)-Мәлікайдар Ләззәт (ересектер арасында)

55 кг-Әбсаттар Дәурен (ересектер арасында)

65 кг-Айдархан Нұрдәулет  (ересектер  арасында осымен  әлемнің  4 дүркін чемпионы атанды)

2 орын - 75 кг-Айтбек Бекет (жасөспірімдер арасында)

+80 кг-Арапбай Азамат (жасөспірімдер арасында)

65 кг- (қыздар) -Мәлік Жұлдыз  (жастар арасында)

100 кг-Тағабаев Берік  (ардагерлер арасында)

3 орын - 65 кг-Пірімбет Абзал (жасөспірімдер арасында)

70 кг-Ақтаев  Талғат (ересектер арасында)

110 кг -Құттымұратов  Медет (ересектер арасында).

Айта кетейік, бұған дейін Шардарада 24 спортшы дүниежүзінің чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз. Олардың жетеуі екі дүркін әлем чемпиондығын жеңіп алған.