Шардараның 80 пайыз балық өнімі шетелге экспортталады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында жылына бес мың тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 4 балық өңдеу зауыты бар. Бұл кәсіпорындар  жыл басынан бері 1,3 млрд. теңге сомасына 1300 тонна балық өңдеп, оның 80 пайызын Ресей, Германия, Израиль, Грузия және Өзбекстан елдеріне экспорттады. Қалған 20 пайызы ішкі нарықта саудалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шардараның 80 пайыз балық өнімі шетелге экспортталады

null

Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде болды. Балық өңдеу зауытының процесімен танысқан аймақ басшысы бұл шаруашылықта кооперативтер құру арқылы өнімнің көлемін  ұлғайтуға болатынын жеткізді. Мұздатылған, ысталған және тұздалған балық пен филе өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2500 тоннаны құрайды. 250 адамға жұмыс тауып беріп отырған бұл зауыт шет мемлекеттерге бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарумен танымал.

null

Өңір басшысы аталған кәсіпорынның су қоймасында орналасқан торлы шарбақтағы балық өсіру жұмысымен де таныс болды. Бұл қоймады өткен жылы 39 тонна балық қолдан өсіріліп шықса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайтылып, яғни, 80 тоннаға дейін жеткізілмек. Жалпы ауданда балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр. Сондай-ақ Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы екі шағын кәсіпорын ашу жоспарлануда.

nullnull