Шарджа әуежайынан қазақстандық туристерді аттандыру мен қабылдау қалыпқа түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық түристерді Шарджа әуежайына (БАӘ) қабылдау немесе аттандыру жұмыстары бір жүйеге түсті. Бұл туралы Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали мәлім етті.

Шарджа әуежайынан қазақстандық туристерді аттандыру мен қабылдау қалыпқа түсті

 Туроператорлардың ақпаратына қарағанда, 22:00-дегі жағдай бойынша,  түгелге дерлік қазақстандық туристер Астанадан және Алматыдан Шарджаға, сондай-ақ Шарджадан Қазақстанда таяу уақыттағы рейстерге орналастырылған.

«Бүкіл  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жедел штабының барлық қатысушыларына алғыс айтқым келеді. Осы жағдайды жариялаған барлық журналистерге, осы екі тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеген Туризм индустриясы департаментінің қызметкерлеріне, Азаматтық авиация комитетіне, БАӘ ҚР СІМ консульдығына  үлкен рахмет»,-деп жазды Марат Иғали Facebookтегі  өзінің парақшасында .