Шарджа әуежайында қазақстандық туристер қалған жоқ - ҚР ИДМ
АСТАНА. ҚазАқпрат - ҚР ИДМ жедел штабы мен Туризм индустриясы департаменті өз жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғали өзінің Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.
«Шарджадан соң жаңалық, аз ғана уақыт бұрын қалған қазақстандық туристер мінген ұшақ Алматыға ұшып шықты. Олар Астанаға ұшулары тиіс болған. БАӘ-дегі ҚР консулдығының мәліметі бойынша, Шарджа әуежайының транзиттік аймағында қазақстандық туристер жоқ» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше Астана уақыты бойынша 23:12-де қазақстандық туристер СКАТ авиакомпаниясы ұшағымен Шарджа әуежайынан Алматы қаласына ұшып шыққан болатын. Оған дейін Шарджа әуежайында ауа райына байланысты барлық рейстер кейінге шегерілген болатын.