Шарджа бір реттік пластик пакеттерге тыйым салады

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – БАӘ-дегі үшінші ірі әмірлік Шарджада бір рет қолданылатын пластик пакеттер мен материалдарға тыйым салынбақ. Жаңа ереже қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және 2024 жылдан бастап қолданысқа енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Khaleej Times-қа сілтеме жасап.
None

Шаржа билеушісінің орынбасары шейх Сұлтан бин Ахмед бин Сұлтан Аль Касимидің төрағалығымен Шаржаның атқарушы кеңесі 2024 жылдың басынан бастап әмірлікте бір реттік пластикалық пакеттер мен материалдарды сатуға, өндіруге, әкелуге немесе ұсынуға тыйым салынатын қарар қабылдады.

Бұған дайындалу үшін осы жылдың 1 қазанынан бастап әмірліктегі сауда нүктелері сатып алушылардан бір реттік пластик пакет үшін кемінде 25 филс (шамамен 31 теңге) өндіріп алуды бастайды. Оның орнына сатып алушыларға экологиялық таза және көпреттік сөмкелер ұсынылады.

Осындай тыйым 1 маусымда Әбу-Дабиде күшіне енді, ал 2024 жылға қарай елорда әмірлігі біртіндеп бір рет қолданылатын стақандардан, табақтардан және пенопласт контейнерлерінен бас тартады.

Дубайда 1 шілдеден бастап сатушылар пластикалық пакет үшін 25 филс ала бастады. Дубайдағы бөлшек саудагерлердің айтуынша, осыдан кейін бір ай ішінде мұндай пакеттерді пайдалану 40 пайызға азайды.


Фото: khaleejtimes.com



Соңғы жаңалықтар