15:41, 01 Тамыз 2015 | GMT +5
Шарджада ТМД туристерінің арасында танымал болған көлік базары жабылады
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Шарджа әмірлігінде бұрын қолданыста болған көліктер базары «Әбу-Шағара» ағымдағы жылдың қыркүйек айында өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды әмірлік газеттері.

Әбу-Шағарадағы базар БАӘ-іне бұрын ұсталған арзан көліктерді сатып алу үшін ТМД-дан келетін туристердің арасында жақсы танымал.
Жергілікті БАҚ мәліметтерінше, бұл күзде көлік дилерлерінің көбі Шарджа әуежайына жақын жерде салынып жатқан жаңа сауда кешеніне көшеді. Шарджа муниципалиті қолданыста болған көліктер базарын Әбу-Шағара ауданынан басқа орынға көшіру шешімін бірнеше рет қабылдаған. Жаңа кешен шамамен алты жүз дүкенге арналған, оның көпқабатты көлік тұрағы бар. Ондағы бөлмелерді жалға алу сатылымға шығарылған көліктер санына байланысты болатыны хабарлануда.