Шарджадан Қазақстанға ұшатын барлық ұшақтардағы бос орындарға жолаушыларды отырғызу жүргізілуде - ҚР ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 30 желтоқсанда таңертең Шарджаға Астана мен Алматыдан 215 жолаушы (кеше "Air Arabia" рейстерімен) ұшуы қажет болған. Рейстер тұманға байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғали Фейсбуктағы парақшасында.
None
None

Қазір ҚР Инвестиция және даму министрлігінің жедел штабы туроператорлармен, авиакомпаниялармен бірлесіп БАӘ бағыты бойынша, сондай-ақ Шарджа әуежайынан Қазақстанға ұшатын барлық ұшақтардағы бос орындарға жолаушыларды отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

«Air Astana» ұлттық авиатасымалдаушысы қазақстандық туристерді БАӘ-ге демалысқа жеткізу үшін  БАӘ-ге бүгін ұшуы тиіс әуе кемесін  кеңірек кемеге  ауыстырды.  

Атап өтсек, Шарджа әуежайында әлі де тұман. Ұшақтар мен жолаушылар жолға шыға алмай, көптеп жиналып қалды.

ҚР ИДМ жедел штабы БАӘ-дегі Бас Консулдықпен тұрақты байланыста.

Соңғы жаңалықтар