Шәрібаевтың қарсыласы титулдық айқастан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Титулға таласатын айқасында Шәрібаевтың қарсыласы өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Негізі Айдар Шәрібаев кеше, 22 сәуірде Нью-Джерсиде титулдық жекпе-жегіне шығатын болған. Алайда, қарсыласы ең соңғы сәтте айқастан бас тартып, жекпе-жек өтпей қалды.
Отандасымыздың қарсыласы америкалық Захария Рэмси. Бұл екі боксшы жеңіл салмақта WBA NABA-USA белбеуін сарапқа салу керек еді. Қарсыласының жекпе-жектен бас тартқаны себепті кездесу өтпей қалды.
Енді Айдар Шәрібаев рингке келесі аптаның соңында 28 сәуір күні Чикагодағы бокс кешіне қатыспақ. Ол жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағына таласады. Бүгінде Айдардың менеджерлері жаңа қарсылас іздестіруде. Шәрібаев соңғы жекпе-жегін 17 наурызда Майамиде мексикалық Габино Котқа қарсы өткізіп, бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Ол әлі бірде-бір ұтылып көрген жоқ.