Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында еліктер фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) аумағында жабайы табиғатты зерттеу және бақылау мақсатында орнатылған фототұзақтарға еліктер түсіп қалды.

 Еліктер фототұзаққа түсіп қалды
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бұл кадрлар – Шарын МҰТП аумағында жабайы жануарлардың еркін және қауіпсіз тіршілік етіп жатқанын көрсетеді. Еліктер экожүйе тепе-теңдігінің көрсеткіші саналатын сүтқоректілердің бірі. Мұндай бақылау деректері біздің табиғатты қорғау мен зерттеу бағытындағы жұмыстарымыздың нәтижесі. Жабайы жануарлардың бақылау жұмыстары жалғасуда,- делінген хабарламада.

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен орман шаруашылығының қызметкерлері жануарлардың көктемнен аман шығуына жағдай жасап отырғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар