Шарипова төртінші жекпе-жегінен соң әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кәсіби бокстағы тұңғыш  қазақстандық қыз Фируза Шарипова беделді BoxRec порталының тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте едәуір жоғары көтерілді, деп хабарлайды AllFight.Ru.

Шарипова төртінші жекпе-жегінен соң әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазіргі уақытта Фируза Шарипова өзінің салмақ дәрежесінде  28-орынды еншіледі.  Бұл 4 наурызда Ресейдегі Балашихадада  ринг иесі Юлия Чернобородованы айқын басымдықпен жеңгеннен кейін мүмкін болды.

Кәсіби бокстағы өзге қазақстандықтардың рейтингімен  салыстырар болсақ, олардың қазіргі кездегі орындары төмендегідей:

1. Геннадий Головкин - 1- орын
2. Жанат Жақиянов - 12
3. Бейбіт Шүменов - 15
4. Фируза Шарипова - 28
5. Иса Ақбербаев - 35
6. Қанат Ислам - 49.