Шарипова жекпе-жек алдында журналистерге сұхбат бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 желтоқсан күні «Алматы-Арена» баспасөз орталығында Фируза Шарипованың қатысуымен жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Баспасөз мәслихатына Шариповамен бірге менеджері Сергей Завилейский, FSK Promotion компаниясының Фируза Шарипованың насихаттау жөніндегі техникалық директоры Павел Бадыров және жартылай ауыр салмақта NABF Junior және WBC Youth чемпионны Али Ахмедов қатысады.

Баспасөз  мәслихаты барысында боксшылар БАҚ өкілдерімен бірге келген жанкүйерлерінің сауалына жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсан күні әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова мен бельгиялық «Питбуль» Джемилла Гонтарюк арасындағы бокс кеші өтеді. Боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver чемпиондық атақтарына таласатын болады. Ал Али Ахмедов  әзербайжандық боксшы Исмат Эйнуллаевпен жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар