Шаршы алаңда - «Астана арландары» мен «Italia Thunder» командасының боксшылары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының бесінші маусымында, «Б» тобында 13 кездесуден кейін 39 ұпаймен жеке дара көш бастаған Қазақ елінің «Астана арландары» командасы 26 сәуір күні Италия елінде «Italia Thunder» командасының боксшыларымен қолғап түйістіреді.

Шаршы алаңда - «Астана арландары» мен «Italia Thunder» командасының боксшылары

«Спорт.kz» сайты алдағы болатын жекпе-жекке кімдер шығатынын жария етті. Сонымен 26 сәуір күні түнгі сағат 01-00-де шаршы алаңға шығатын боксшылардың жұбы:

52 келі : Гаурав Бидхури - Мирас Жақыпов 60 келі : Донато Козенца - Роман Щегринов

69 келі : Адам Патрик Нолан - Асланбек Шымбергенов 81 келі : Валентино Манфредонья - Хрвое Сеп +91 келі : Алессио Спахиу - Филип Хргович

Қос команданың тартысты жекпе-жегін «www.aibaboxingtv.com» сайтынан онлайн-режимде көруге болады. Сондай-ақ «Хабар» телеарнасы да қазақстандық көрермендер назарына ұсынады деп күтілуде.