Шаруа адамы сүңгуір қайық жасап алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Аньхой провинциясының тұрғыны сүңгуір кемелер туралы телебағдарламаларды көріп, өзіне сондай жасап алуды ойлайды. Шаруа екі ай ішінде сүңгуір қайық құрастырды. Ол дайын қайығына ресми патент алды, деп жазады South China Morning Post басылымы.
Қалың темірден жасалған сүңгуір қайықтың ұзындығы 6 метр, ені 60 см. Ол бір метр тереңге дейін сүңги алады. Қайыққа ауа су бетіне шығып тұратын ұзын құбыр арқылы беріледі. Өнертапқыш суасты көлігінің жүрісіне көңілі толатынын айтады, оның жылдамдығы - 7 узел (кеме жүрісінің жылдамдығын білдіретін шама).