Шаруа егістіктен 10-15 мың жыл бұрынғы мамонттың сүйегін тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мичигандағы шаруа Джеймс Бристл жолдасымен бірге бидай егістігінде құбырға арналған ор қазу кезінде ұзындығы бір метр сүйекті анықтаған.
None
None

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Бристл Мичиган университетінің жанындағы палеонтология мұражайына телефон соққан. Мұражай қызметкерлері шаруаның егістікте мамонттардың сирек кездесетін гибридінің сүйегін анықтағанын айтты.

Сүйектер табылған жерге университеттің профессоры мен студенттері келіп, қазба жұмыстарды бастады. Қазіргі кезде көне сүтқоректі жануар сүйектерінің 20 пайызы анықталған, соның ішінде бас сүйегі мен азу тістері де бар. Бұл мамонттың 11-15 мың жыл бұрын 40 жасында көз жұмғаны шамаланып отыр.

Мамандар мұнда өмір сүрген адамдар кейіннен қайтып оралу үшін етті бөліп, жасырған деп есептеп отыр.

АҚШ заңы бойынша жер иесінің одан табылған заттарға құқылы екені атап өтіледі, сондықтан мамонт сүйектері Бристлдің ферма жанындағы дүкенде жатыр.

Соңғы жаңалықтар