Шаруаларға былтырғы жылдың 5 млрд теңгеден астам инвестициялық субсидиясы төленбеген

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша фермелерге «Qoldau» платформасының кезінен қалған 5 млрд теңгеден астам инвестциялық субсидия төленбеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл туралы Gosagro.kz платформасының таныстырылымында министрліктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков айтты.

«Qoldau» платформасының фермерлердің алдында төленбеген субсидия қарызы болды. Бұл бюджетті қаржыландыру уақытының бітіп қалғанына байланысты пайда болған еді. Біз сол деректердің бәрін алып шықтық. Мысалы, қайта өңдеу субсидиясы бойынша кейбір әкімдіктердің субсидия қарызы жетінші айдан басталған. Әкімдіктер төлеп қоюы керек болған.

«Qoldau» платформасынан тарихи мәліметтерді кеш алғанымызға қайта оралсақ, әкімдіктерге дерек уақытында түспегендіктен, жаңа платформаға келіп түскен өтінімдерді кеш қарай бастаған. Өйткені жаңа маусымның субсидиясын төлемей тұрып, қарыздарды жауып алу керек», - деді ол.

Осының салдарынан өңір-өңірде төленбеген инвестициялық субсидияның көлемі 25 млрд теңгеден асқан.

«Біз жергілікті ауыл шарушалығы басқармаларымен бірге деректер базасының өзекті болмауына байланысты, кодтар мен кілт сөздерді сұрату созылып кеткеніне байланысты көп уақыт жоғалттық. Бүкіл ауыл шаруашылығы басқармаларың субсидия қарызы 25 млрд теңгеден асты. Қазір соның 18 млрд теңгесі төленді. 2022 жылы фермерлерге 25 млрд теңгенің инвестициялық субсидиясы төленбеген болса, қазір соның 18 млрд теңгесі жабылған. Сондай 5-7 млрд теңгенің төңірегінде субсидия төленуі керек», - Бернат Алпысбеков.


Соңғы жаңалықтар