Шарын шатқалында селге ағып кеткен оқушы қыз табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шарын шатқалында жүрген сел салдарынан із-түзсіз жоғалған оқушы қыз табылды. Бұл жайында ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында сағат 09-34-те 2010 жылы дүниеге келген қызды тапты. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орын алған жерден 3-4 шақырым қашықтықта болған. Қазіргі уақытта Республикалық жедел құтқару отряды мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары дәрігерге дейінгі алғашқ медициналық көмек көрсетуде», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, зардап шеккен оқушы қызға медициналық көмек көрсету үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның авиациялық техникасымен Алматы қаласының ауруханаларының біріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Ал бүгін еліміздің Білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім еткен еді.




Соңғы жаңалықтар