Шарын ұлттық паркінде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы екі жылда алғаш рет аталмыш жануар Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақ объективіне түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: ҚР Экология және табиғи ресрустар министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Экология және табиғи ресрустар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал сілеусін терісінің ала болып келуі, оны ағаштардың арасына оңай жасыруына көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі байқалмай қалады.

Шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіреді. Сонымен қатар, ересек дарағы 1 күнде 30 шақырымға дейінге ара қашықты еңсере алады.



Соңғы жаңалықтар