08:42, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Шаштаразда белгісіз біреу адамдарды атып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Рединг қаласында (Пенсильвания штаты) сәрсенбі күні болған атыс салдарынан төрт адам жарақаттанды.

Жергілікті полицияның ақпаратына қарағанда, тапаншамен қаруланған ер адам ірі сауда орталығының аумағында орналасқан шаштаразға кіріп келіп, ондағы адамдарға оқ жаудырған.
Жапа шеккендер ауруханаға жеткізілді, біреуі ауыр халде.
Оқ атқанның кім екендігі және мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Қылмыскерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ТАСС.