16:38, 01 Қаңтар 2014 | GMT +5
Шаштараздар жылқы жылында қандай шаш үлгісі сәнді екенін айтты
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа 2014 жылы шаш үлгілері «күтімді» болуы керек деп санайды, топ-стилист, жаңа жылдық шаштараз Сергей Никонов. Бұл туралы ол «Бізге 2014 жыл, Жылқы жылы не әкеледі?» деген баспасөз конференциясының барысында айтты, деп жазады Росбалт.

Әйелдер арасында, сонымен бірге, ерлер арасында осы жылы ең сәнді шаш үлгісі ретінде ұзын кекіл мен буылған ұзын шаш саналмақ. Өтіп бара жатқан Жылан жылы жылтыр тегіс фактура ретінде «сулы эффект» - «жылан жалағандай» бұрым қолданылды. Ұзын шаш иелерін Жылқы жылы көшеде көп кездестіруге болады. «Каре» шаш үлгісі біртіндеп өз маңызын жояды.
«Ал макияж жасауда ашық түстер қолданылады. Жаңа жылда не көзге, не ерінге ерекше мән берілу керек. Ашық әрі әдемі болудан қоырқпаңыздар, өздеріңізді, өздеріңіздің жұптарыңызды қуантыңыздар», - деп кеңес береді Никонов.