Шатаққұмар боксшы Дерек Чисора айыпталды

Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталы хабарлап отыр.
Естеріңізде болса, оқиға 19 ақпан күні Виталий Кличко мен Дерек Чисораның жекпе-жегі басталарда орын алған. Бұзақы боксшы кездесуден кейінгі баспасөз маслихатында өз жерлесі Дэвид Хэенің жағасынан алғаны үшін 25 мың доллар айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Чисора матч алдындағы салмақ өлшеу кезінде Кличконы шапалақпен тартып жібергені үшін де 50 мың АҚШ долларынан қағылған.
Германияның бокс федерациясы Чисораны рингтен аластату жөнінде әлемдік бокс кеңесіне (WBC) ұсыныс жіберді. Чисора мен Кличко арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылып, украиндықтың жеңісімен аяқталған. Сөйтіп, Кличко тағы бір мәрте әлем чемпионы мәртебесін қорғап алды. Әзірше украиндыққа төтеп бере алар боксшы болмай тұр жаһанда.