Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Щацкий Орталық Азиядағы ең қымбат қақпашылардың тізіміне енді

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий беделді Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша Орталық Азиядағы ең қымбат қақпашылар тізіміне енді. Kazinform бұл туралы KazFootball.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанның ең қымбат қақпашысы
Фото: kazfootball.kz

Тізімнің көшін Тәжікстан құрамасының және «Истиклол» қақпашысы Рустам Ятимов бастап тұр. Ол 900 мың еуроға бағаланды. 

Қазақстан құрамасының және қарағандылық «Шахтердің» қақпашысы Игорь Шацкий 600 мың еуромен 4-орынға жайғасты.

Өткен маусымда Игорь «кеншілер» үшін 26 матч өткізді, сонымен қатар Қазақстан құрамасының ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіндегі барлық ойынында 90 минут ойнады. 

Орталық Азиядағы ең қымбат қақпашылардың тізімі:

— Рустам Ятимов (Тәжікстан құрамасы/«Истиклол») — 900 мың еуро;

— Уткир Юсупов (Өзбекстан құрамасы/«Қоқан 1912») — 700 мың еуро;

— Абдувохид Нематов (Өзбекстан құрамасы/«Насаф») — 700 мың еуро;

— Игорь Шацкий (Қазақстан құрамасы/«Шахтер») — 600 мың еуро;

— Эржан Токотаев (Қырғызстан құрамасы/«Шанлыурфаспор») — 300 мың еуро;

— Расул Чарыев (Түрікменстан құрамасы/«Ахал») — 175 мың еуро.