Шатырдан құлаған қар павлодарлықтың көлігін басып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шатырдан құлаған қар павлодарлықтың көлігін зақымдады. Бұл туралы ҚазАқпарат poilsia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қаладағы Академик Шөкин көшесінде тұрған Toyota көлігіне шатырда жиналған қар құлаған. Қар азық-түлік базары ғимаратының төбесінде болған. Ғимараттың директорына қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік жүргізушісіне келтірілген материалдық залалды өтеу бойынша азаматтық арызбен сотқа жүгіну ұсынылды», - делінген хабарламада.