Шаурмадан 32 адам уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калининградта шаурмамен жаппай улану фактісі тіркелді. Облыстық инфекциялық ауруханаға уланған 32 адам жеткізілді, олардың екеуі жасөспірім балалар, деп хабарлайды НТВ телеарнасы.
None
None

Артынан белгілі болғандай, ауырғандардың барлығы жеке кәсіпкердің сауда орнынан шаурма сатып алып жеген.

Тексеріс барысында тағам саудалайтын кәсіпкердің нысанында санитарлық заңнама талаптарын орындамаудың көптеген фактілері анықталған.

Осыған байланысты аталған қоғамдық тамақтану орнының жұмысына уақытша шектеу енгізілді. Қазіргі кезде ондағы өнімдер мен шикізаттарға зертханалық жұмыстар жүргізілуде.

Дүйсенбіде азаматтардың жаппай улануы фактісі бойынша материалдар сотқа жіберілмек, деп жазады ресейлік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар