Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мирзиеев республика парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне бейсенбі күні парламенттің төменгі палатасының өкілі.
Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримов жұма күні 78 жасында инсульт сырқатынан дүниеден өткен болатын.
«Шавкат Мирзиеев бүгін Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Ниғматилла Юлдашев бұл қызметтен өзі бас тартты», - деп хабарлады агенттік сұхбаттасушысы.