Шавкат Мирзиёев Ташкентте Түркі даму банкін құруды ұсынды

Ташкент
Фото: Википедия

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёtв Ташкентте Түркі даму банкін құруды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«...Келесі кезеңде біз Түркі даму банкін қалыптастыру бойынша қадамдар қабылдауымыз қажет. Біз осы қаржылық институтты Ташкентте құруды ұсынамыз. Үшіншіден, біз Түркі мемлекеттерінің сауда-саттығын зерттеу ұйымының бастамасын толығымен қолдаймыз. Осы ұйымның жұмысын дұрыс жолға бағыттау бірқатар кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді. Оның ішінде сауда-саттық саласындағы кедергілер, импорт пен экспорттардың көлемін арттыру, электронды дамыту бағытындағы кедергілерді жояды», - деді ол саммитте сөйлеген сөзінде

Өзбек басшысының сөзінше, жаһандық логистикалық тізбектерді әртараптандыру мәселесі ұйымның күн тәртібінде ерекше орын алады.

«Сонымен қатар біз Қытай, Оңтүстік Азия, Еуропа арқылы өтетін дәліздерді дамытуды, көлік-логистика байланыстарын цифрландыруды қолдаймыз. Біз осы кезекте теміржол басқармаларының кеңесін құруды ұсынамын. Аталған құрылымның директоратын Өзбекстанда құруды ұсынамын», - деді Өзбекстан басшысы.

Еске салайық, бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр

Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан Премьер-министрі мен Түрікменстан басшысы бақылаушы елдің басшылары ретінде қатысады.

ТМҰ саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтеді. 

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер миинстрлері кеңесінің жабық отырысы өтті. 

Шарада ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль-ХАМАС қақтығысындағы Қазақстан ұстанымын айтты. 

Соңғы жаңалықтар
telegram