Шавкат Мирзиеевтің ұлықтау рәсімі 14 желтоқсанда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның жаңадан сайланған президенті Шавкат Мирзикевті ұлықтау рәсімі Ташкентте 14 желтоқсанда өтеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстан Президенті Шавхат Мирзиеевтің ұлықтау рәсіміне шақырылды», деп хабарлады ҚР СІМ.

 Шавкат Мирзиеевтің ұлықтау рәсімі  14 желтоқсанда өтеді

Елшіліктер басшылары, халықаралық ұйымдар өкілдері, өзбек шенеуніктері Шавкат Мирзиеевтің өзбек халқына адалдығына ант беру рәсіміне шақырылды. Шара жергілікті уақыт бойынша сағат 11-де өтеді. Еске салсақ, Өзбекстан Президентінің сайлауы 4 желтоқсанда өтті.

Шавкат Мирзиеев сайлауда 88,61% жинап, жеңіске жетті. Сайлау барысын 44 елден 500-ден астам халықаралық бақылаушы бақылады, оның ішінде халықаралық ұйымдар - ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ,    Ислам ынтымақтастық ұйымы, Дүниежүзілік сайлау органдары ұйымы  өкілдері бар.  Қазақстандық саясаткер Досым Сәтбаевтің айтуынша, Шавкат Мирзиеев билік мұрагерлігін жүзеге асырады.

Бұл ретте, өзбек сыртқы саясат тұжырымдамасында акцент Орталық Азияға жасалады. Қазір президенттің бірінші кезекте көршілері Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен қатынасты реттеуге тырысып жатқанын байқаймыз. Бұл оң әсер береді.