Шавкат Мирзиёев Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан Республикасының Президенті Қазақстанның мемлекет қайраткерлерін «Дўстлик» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Казахстан Узбекистан
Фото: Акорда

Марапаттар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара құрмет, сенім және тату көршілік қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлес үшін берілді.

Марапатталғандар арасында:
Қарин Ерлан Тынымбайұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;

Желдібай Руслан Сұлтанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Жұманғарин Серік Мақашұлы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Балаева Аида Ғалымқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

Хашимжанов Икрам Акрамұлы, Қазақстан Республикасы өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.

Сыйлық олардың екі ел халықтары арасындағы көп ғасырлық достықты нығайтудағы және басым салалардағы бірлескен жобаларды белсенді ілгерілетудегі қызметтері үшін берілді.