Шавкат Рахмонов он жылдан кейін GGG-ді басып озды

Шавкат
Фото: Sports.kz

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов америкалық eBay.com онлайн-аукционының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең көп сатылымға ие спортшы атанды. Каzinform бұл туралы  Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бүгінде танымал интернет-ресурс сайтында Шавкат Рахмоновтың есімімен байланысты 874 лот сатылымға қойылған. Осылайша ол соңғы онжылдықтағы тұрақты көшбасшы Геннадий Головкинді басып озды. 

Әлемде GGG-ге деген қызығушылық бара-бара азайып барады. Материал жарияланған кезде америкалық онлайн-аукционда қарағандылық спортшының аты-жөні көрсетілген 276 лот сатылды. Олардың ішіндегі ең қымбаты – бұрынғы чемпионның қолтаңбасы бар бокс қолғаптарының көтерме саудасы (20 дана). Саудадағы бағасы – $1 500. 

Ал UFC файтерінің есімімен байланысты ең қымбат лот – сауда картасы. Бейкерсфилдтен (АҚШ) келген сатушы ол үшін $2 950 сұрады. 

Соңғы жаңалықтар