Шавкат Рахмонов UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Шавхат Рахмонов
Фото: Sports.kz

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (17-0) UFC турниріндегі алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Kazinform Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) 296-шы нөмірлі турнирде өнер көрсетті, онда ол американдық файтер Стивен Томпсонмен (17-6-1) жекпе-жек өткізді. Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта Рахмоновтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Стивен Томпсон жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Бұл Рахмоновтың 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды: наурыздың басында ол америкалық Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізіп, оны үшінші раундта тұншықтыру тәсілімен қапы қалдырған.

Соңғы жаңалықтар