Шавқат Рахмоновқа UFC-дегі жеңісі үшін қанша төленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Шавқат Рахмонов UFC-дегі айқасы үшін қанша табыс тапқаны жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтемемен.

Шавқат Рахмоновқа UFC-дегі жеңісі үшін қанша төленді

Рахмонов жалпы сомасы 94 мың доллар (айқасқа шыққаны үшін – 20 мың, жеңісі үшін – 20 мың, «Турнирде үздік өнер көрсеткені үшін» бонус - 50 мың, жекпе-жек алдында бір апта бұрынғы үстемеақы 4 мың) тапты.

Еске сала кетейік, елорда уақытымен бүгін таңертең Шавқат Рахмонов (15-0) гайаналық Карлстон Харристі (17-5) бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Бұл айқас Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 200 турнирінің негізгі карды аясында өткен еді.


Фото: vk.com/ufc