Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz. жазды. 

Шавкат Рахмонов
Фото: Шавкат Рахмоновтың Іnstagram-парақшасы

UFC Шавкат Рахмоновтың келесі кездесуі туралы хабарлады. 

Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов 310-шы нөмірлі турнирге 7 желтоқсан күні  АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады. Оның қарсыласы орта салмақтағы америкалық спортшы Белал Мухаммад (24-3). 

Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болғанын еске саламыз. 

Айта кетейік, Маддалена биыл 10 наурызда Майамиде (АҚШ, Флорида) өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Рахмоновты жұдырықтасуға шақырған болатын.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ санатында рейтингін жақсартқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар