Шавкат Рахмоновтың ендігі жаттығулары спортты қолдау қорынан қаржыландырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шавкат Рахмоновтың ендігі жаттығулары спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шавкат Рахмоновтың ендігі жаттығулары спортты қолдау қорынан қаржыландырылады

«Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бір жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді.

Мен Шавкатты жақында америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жектегі жеңісімен тағы бір мәрте құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ, оның келесі жекпе-жектерге дайындалуы спортты қолдау қорынан қаржыландырылады.

Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін», - деп жазды министр.