Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күн белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – UFC президенті Дана Уайт жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Шавкат Рахмонов 16 қыркүйекте UFC турнирінде америкалық Кевин Гастелуммен айқасады. Бұл кештің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ.
Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы нөмірде екенін еске сала кетейік.
«Номад» бұған дейін UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Соңғы айқасында америкалық Джефф Нилдан басым түсті.