Шавкат Рахмоновтың UFC-дің жаңартылған рейтингідегі орны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC 9 сәуірде таңертең өткен UFC 287 турнирінің қорытындысы бойынша жартылай орта салмақ рейтингінің жаңарған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Рейтингінің тек төменгі жағы өзгерген: Нил Мэгни мен Майкл Кьеза бір сатыға жоғарылап, сәйкесінше 11 және 12-ші орындарға жайғасты. Хорхе Масвидаль Гилберт Бернстан жеңілгеннен кейін екі позицияға төмендеп, 13-ші болып тұр.
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы - Леон Эдвардс болса, топ үштікті Камару Усман, Колби Ковингтон пен Хамзат Чимаев түйіндеді.