Шавкат Рахмоновтың UFC турнирі алдындағы жаттығуының видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдегі үздік промоушн UFC-де өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жаттығу видеосын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шавкат Рахмоновтың UFC турнирі алдындағы  жаттығуының видеосы жарияланды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әбу-Дабиде өтетін UFC 280 турнирі алдында Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жеңіл жаттығу өткізді.

Видеоны төменнен қарауға болады.

Бұған дейін Рахмоновтың Ислам Махачев пен Чарльз Оливейра арасындағы жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жегі турниріне қатысатыны хабарланған болатын.

Соңғы жекпе-жекте Шавкат америкалық Нил Магниді тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын.







Фото: sports.kz