Шавкаттың чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Аралас жекпе-жектен Dar Team қомандасының бас бапкері, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен жұмыс істейтін Азиз Разыев спортшының алдағы жоспарымен бөлісті. Каzinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

мма ufc
Фото: t.me/sportilinet

Бұл туралы ол «Вестник ММА» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Шавкат жақында Стивена Томпсонмен көпшілік күткен, қызықты әрі тартысты жекпе-жектерінің бірін өткізеді. Иә, рейтингіге өзгеріс енді. Рахмонов бесінші орында тұр. Біз UFC-де кейде оныншы нөмірлі спортшының чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізетінін көріп жүрміз және оған еш таңғалмаймыз.  Шавкаттың биыл чемпиондық айқас өткізуі екіталай, бірақ келесі жылы, Алла қаласа, бәрі жақсы болса, оны айтулы жекпе-жектер күтіп тұр», - деді ол.