Шай бағасы бір жылда 18,3% қымбаттады – статистика

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда қара шай бағасы бір жылда 18,3% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Қазан айында қара шайдың бір келісі орта есеппен 4 434 теңгеден сатылды. Бұл былтырғы қазан айымен салыстырғанда 18,3% қымбат.

Ең қымбат шай Астананың бөлшек сауда орындарында саудаланды – бір келісі 4725 теңге. Сондай-ақ қымбат баға Қызылорда (4 638 тг/ кг), Шымкент (4 626 тг/кг), Алматы (4 597 тг/кг) және Ақтау (4 466 тг/кг) қалаларында тіркелді. Шайдың ең арзан бағасы Жезқазғанда – келісі үшін 3 943 теңге. Қалған аймақтарда орташа баға 4 000-4 500 теңге аралығында.
Қазақстандықтар салмағы 250 грамдық бір қорап шайды 1 108 теңгеден сатып ала алады. Ел тұрғындары айына орта есеппен 127 гр шай тұтынады.
Қазақстан қара шайды негізінен Қытай, Үндістан, Иран, Шри-Ланка, Пәкістан, Түркия, Вьетнам, Кения және Угандадан импорттайды.


Соңғы жаңалықтар