Шай - салмақтан арылуға таптырмайтын сусын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландылық ғалымдар шай салмақты түсіретін сусын екенін атады. Күніне бір кесе шай ішкеннің өзінде арықтау мүмкіндігі арта түседі екен.
Шайдың құрамындағы кофеин мен катехиндер калориядан көбірек көлемде айырылуға септеседі.
Бұл ретте шайдың ең тиімдісі - көк шай, деп хабарлады Myjane порталы.
Ғалымдар жоғары колориялы тәтті тағамдарды пайдаланғанда шайдың бұл қасиетінің күші едәуір бәсеңдейтінін ескертеді. Дұрыс тамақтанып, қимыл қозғалысты да естен шығармаған жөн.