Шайбалы хоккейден әлем біріншілігіне қатысатын құрам анықталды

Шайбалы хоккей
Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер командасының әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы анықталды.

ҚР Олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, бапкерлер әлем біріншілігіне қатысатын команданың кеңейтілген құрамынна төмендегі ойыншыларды алды.

Олар:

Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев, Данил Лыткин, Абылайхан Толеубай 

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Мстислав Шипилин, Артем Шарапов, Раты Дурглишвили, Тамерлан Манажанов, Марат Сағымбаев, Святослав Евплов, Дамир Бритиков;

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Асанәлі Саркенов, Виталий Божко, Тимофей Симонов, Данил Дронов, Алексей Трегубов, Карим Қажыбеков, Аристарх Киреев, Альмир Оразбаев, Александр Перкин, Әлішер Саркенов, Артур Глухих, Корней Корнеев, Семен Черкасов. 

Бас бапкер: Георгий Верещагин

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Финляндияда өтеді. 

Қазақстан командасы В тобында Канада, Швеция, Швейцария мен Чехияға қарсы ойнайды. 

Бүгін спортшыларымыз біріншілік қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын өткізу үшін Финляндияға ұшып кетті.

Соңғы жаңалықтар