15:27, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының жолдамасынан құр қалды
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының жолдамасынан құр қалды.

Жолдама сарапқа салынған Норвегияның Осло қаласындағы іріктеу турнирінде біздің команда үш ойын өткізіп, соның екеуінде жеңіліп қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Астананың «Барыс» хоккей клубының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Бірінші матчында жерлестеріміз Норвегиядан 1:2 есебімен, ал келесіде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Соңғы ойынында хоккейшілеріміз франциялық әріптестерін 8:2 есебімен ойсырата ұтқанымен, бұл жеңіс біздің командаға Олимпида жолдамасын жеңіп алуға мүмкіндік бермеді.